Skip to content
She innovator

She innovator

  • Home
  • Уақыттан озған әйелдер: Орталық Азия ғылымының шамшырақтары
  • News
  • Ғалымдар
  • Центральная Азия

Уақыттан озған әйелдер: Орталық Азия ғылымының шамшырақтары

Редакция February 11, 2026

Бұл мақалада өз саласында алғашқылардың бірі болған әйелдердің тарихы баяндалады. Бұл – Орталық Азияда ғылым әрдайым адамдардың еңбегімен дамығанын және онда әйелдердің рөлі ойлағаннан әлдеқайда маңызды болғанын еске салу.

Орталық Азия медицинадан бастап геологияға, философия мен гуманитарлық ғылымдарға дейін мықты ғылыми мектептерді қалыптастырды. Бұл тәжірибе ондаған жылдар, кейде ғасырлар бойы жинақталды. Алайда өңір ғылымының тарихында әйелдердің есімдері әлі де ерлерге қарағанда сирек аталады. Соған қарамастан, әйелдер бұл үдерістің ажырамас бөлігі болды және болып қала береді. Олар ғылымға әртүрлі кезеңдерде келді: кеңестік дәуірде, қайта құру жылдарында тіпті Одақ тарағаннан кейін. Университеттерде, ғылыми институттарда, ауруханаларда, экспедицияларда еңбек етті. Көбіне сырттай мүмкіндігі бар, бірақ шын мәнінде қабылдауға дайын емес ортада еңбек етті. Олардың еңбегі сирек жағдайда ғана жарқын тақырыптарға айналды. Атқарған істері ашылған кафедралардан, қалыптасқан ғылыми бағыттардан, тәрбиеленген мамандардан көрінеді. Сондай-ақ денсаулық сақтау мен білім беру сияқты көптеген саланың дамуына негіз болған зерттеулерінен байқалады. 

Патшайым Тәжібаева: геология ғылымдарының тұңғыш әйел докторы

Патшайым Тәжібаева (1920–1991) Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Бірақ ерте жетім қалып, балалар үйінде өсті. Ташкенттегі Өзбекстан ұлттық университетін тәмамдады, сонымен қатар академик Қаныш Сәтбаевтың шәкірті болды. 1960 жылы геология саласында докторлық диссертация қорғап, өңірдегі алғашқы әйел доктор атанды. Қазақстанда литология ғылымының негізін қалады – шөгінді жыныстар мен сазды минералдарды зерттейтін бағытты дамытты. Орталық, Батыс Қазақстан мен Қызылорда аймақтарының кен орындары карталарын жасады. Мыс, алтын, уран және басқа да пайдалы қазбаларды барлауға үлес қосты.

Оның еңбектері тау-кен өнеркәсібінің негізіне айналды. Бүгінде Қазақстан маңызды минералдарды экспорттайтын жетекші елдердің бірі. Бұл – жұмыс орындары, бюджет кірісі және инфрақұрылымға инвестиция. Алматыда оның есімімен аталатын көше бар, ал жас геолог қыздар оны үлгі тұтады: әйел де экспедиция басқарып, ел экономикасына ықпал ете алады деген сеніммен.

Найля Базанова: тұңғыш әйел академик

Найля Базанова (1911–1993) Бішкекте, татар отбасында дүниеге келген. 1945 жылы биология ғылымдарының докторы, ал 1946 жылы профессор атанды. 1951 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі болып сайланып, Қазақстандағы алғашқы әйел академик болды. Ауыл шаруашылығы жануарлары физиологиясының негізін қалады: малдың құрылысы, қоректенуі мен денсаулығын зерттеді. ЖОО-ларда анатомия мен физиология кафедраларын ашты, оқулықтар жазды, кадр даярлады.

Кеңес дәуірінде оның әдістері фермалардың өнімділігін арттырып, елді азық-түлікпен қамтамасыз етуге көмектесті. Қазіргі климаттың өзгеруі мен құрғақшылық жағдайында оның ғылыми мұрасы биотехнологияда, селекцияда және ветеринарияда жалғасуда. Ұлттық ғылым академиясы Найля Базанова атындағы әйел ғалымдарға арналған ғылыми марапат тағайындаған. Базанова – ғылымның азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер ететінінің айқын мысалы.

Аққал Қалыбаева: қазақ тілі бойынша тұңғыш филология ғылымдарының докторы

Аққал Қалыбаева (1923–1992). 1945 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірді. 1949 жылы кандидаттық, 1963 жылы докторлық диссертация қорғап, қазақ тіл біліміндегі алғашқы әйел доктор атанды. Зерттеу тақырыбы – етістік негіздері.

Грамматика, терминология, орфография, диалектология және сөзжасам салаларында еңбек етті. Оның еңбектері мектеп оқулықтары, сөздіктер мен емле ережелерінің негізіне айналды. 1990 жылдары қазақ тілі ресми қолданысқа қайта оралғанда, экономика, техника, IT салаларындағы терминдерді жүйелеуде оның зерттеулері шешуші рөл атқарды. Бүгінде бұл еңбектер машиналық аударма мен жасанды интеллект тілдік модельдерінде қолданылады. Оның мұрасы қазақ тілінің цифрлық дәуірде де толыққанды дамуына мүмкіндік берді.

Какиш Рысқұлова: Қырғызстандағы тұңғыш әйел хирург және академик

Какиш Рысқұлова (1918–2018) Қырғызстанның Шу облысында дүниеге келген. 1944 жылы медицина институтын бітіріп, соғыс жылдарында хирург болды. Медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қырғыз КСР Ғылым академиясының академигі атанды. Тігіс салу әдістерін, жүйке, қан тамырлары, онкология және травматология бойынша ота түрлерін жетілдірді. 

Мыңдаған ота жасап, соғыс пен бейбіт кезеңде талай адамның өмірін сақтап қалды. Оның оқулықтары мен әдістері бүгінге дейін медицина студенттері арасында қолданылады, әсіресе нейрохирургияда. Қазіргі клиникаларда оның тәсілдері асқынуларды азайтып, қалпына келуді жеделдетеді. Ғасырға жуық өмір сүріп, табандылықтың символына айналды: шеберлік болса, жыныс кедергі емес.

Софья Хакимова: Тәжікстандағы тұңғыш медицина ғылымдарының докторы

Софья Хакимова (1924–2015) Тәжік медицина институтын тәмамдап, 33 жасында докторлық диссертация қорғады. Акушерлік және гинекология саласының маманы, Душанбе қаласында КСРО-дағы алғашқы адам генетикасы зертханасын құрды.

Оның зерттеулері босану процесін жақсартуға және генетикалық диагностика енгізуге мүмкіндік берді. Қазіргі таңда Тәжікстан мен көршілес елдердегі пренаталдық тексерулер мен тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу оның мектебіне сүйенеді. Бұл – мыңдаған баланың денсаулығын сақтауға және ана қауіпсіздігін арттыруға ықпал етеді.

Бұл әйелдер геологияда, биологияда, лингвистикада, хирургияда, акушерлікте, генетикада және басқа да салаларда алғашқылардың қатарында болды. Олар кедергілерді бұзып, әлі күнге дейін қызмет етіп жатқан жүйелерді қалыптастырды. Кеніштер табыс әкеледі, фермалар халықты асырайды, перзентханалар аналарды қорғайды, тіл цифрлық кеңістікте дамиды – бәрі нәзік жанды ғалымдардың арқасы. Олардың мұрасы – ескерткіштер емес, Орталық Азияның экономикасы, денсаулығы мен мәдениетіндегі нақты өзгерістер. Астана, Бішкек, Душанбе және Ташкенттегі жас қыздар ғылымды таңдаған сайын, бұл есімдер болашаққа жол ашып, шабыт беруді жалғастыра береді.

Автор: Айрен Абаева

Аударған: Анель Өтегенова

Post navigation

Previous: Великие изобретения, созданные женщинами
Next: Разрушая стеклянный потолок: женщины в современной науке

Последние новости

  • Казахстан представил на COP31 единую платформу для привлечения климатических инвестиций
  • В Астане с аншлагом прошла премьера саунд-драмы «Жауап бар ма?»: 385 зрителей увидели постановку о проблемах подростков
  • Цифрлық әлемге әйел көзқарасы: Астанада UM.AI AI for Her IT кездесуі өтті
  • Цифрлық болашақты қалыптастыратын әйелдер: Астанада UM.AI AI for Her әйелдер IT-митапы өтеді
  • Алия Абиева: «Социальная справедливость — это не абстрактное понятие, а система реальных гарантий для человека»

Возможно вы пропустили

IMG_8680.JPG
  • Antalya
  • COP31
  • IGTIC
  • Summit
  • Климат

Казахстан представил на COP31 единую платформу для привлечения климатических инвестиций

Редакция November 14, 2026
Photo-82_resized
  • BIART Music Hall
  • Жауап барма?
  • Подростки
  • Проблемы

В Астане с аншлагом прошла премьера саунд-драмы «Жауап бар ма?»: 385 зрителей увидели постановку о проблемах подростков

Редакция November 14, 2026
IMG_3911-edited-1024x647.jpg
  • Astana Innovations
  • IT митап
  • News
  • UM.AI

Цифрлық әлемге әйел көзқарасы: Астанада UM.AI AI for Her IT кездесуі өтті

Редакция November 14, 2026
Неоновый AI-митап с голографическим портретом
  • ALEM AI
  • Astana Hub
  • Astana Innovations
  • UM.AI
  • Астана

Цифрлық болашақты қалыптастыратын әйелдер: Астанада UM.AI AI for Her әйелдер IT-митапы өтеді

Редакция November 10, 2026
Copyright © Ozgeshe | MoreNews by AF themes.