Skip to content
She innovator

She innovator

  • Home
  • Астанада «Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарының жеңімпаздары марапатталды
  • News

Астанада «Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарының жеңімпаздары марапатталды

Редакция October 19, 2026

Астанада Astana Media Week 2026 мерейтойлық медиа апталығы аясында «Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Биыл қос сыйлық алғаш рет Qazaqstan Media Awards ортақ атауымен табысталды.

Салтанатты іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен отандық медиа саласының өкілдері, журналистер, редакторлар, тележүргізушілер мен шығармашылық ұжымдар қатысты.

Марапаттау рәсімінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев сөз сөйледі. Министр жаңа технологиялар мен жасанды интеллект қаншалықты қарқынды дамыса да, кәсіби журналистика мен өз ісіне адал мамандар қашанда сұранысқа ие болатынын атап өтті.

«Мемлекет басшысы журналистика саласына әрдайым ерекше көңіл бөліп, әлеуметтік және моральдық тұрғыдан үнемі қолдау көрсетіп келеді. Болашақта да мемлекеттің медиа саласына қатысты саясаты өзгермейді деп ойлаймын», – деді Арман Қырықбаев.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары Сергей Пономарев, Үнзила Шапақ, Дихан Қамзабекұлы, Жанарбек Әшімжан, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртөре Жүсіп, Q.AI бас директоры Дмитрий Мун, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры Асқар Омаров, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен медиа саласының өзге де өкілдері қатысты.

Биыл байқаудың 12 номинациясы бойынша 600-ден астам өтінім түсті. Сыйлыққа телевизия, баспасөз, радио және интернет журналистикасы саласындағы жұмыстар қабылданды.

Осы жылы заманауи медиатехнологиялар мен журналистиканың жаңа форматтарын дамытуға айрықша назар аударылды. Алғаш рет «Журналистиканың болашағы: жасанды интеллект саласындағы үздік жоба» номинациясы енгізілді.

Жеңімпаздарды белгілі журналистер, медиа саласының өкілдері мен сала сарапшыларынан құралған тәуелсіз қазылар алқасы анықтады.

«Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтары 2017 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен тағайындалған. «Тұмар» сыйлығы отандық телевизияны қолдауға және дамытуға бағытталса, «Үркер» баспасөз, радио және интернет журналистикасындағы жетістіктер үшін беріледі.

2026 жылғы «Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарының жеңімпаздары:

«Тұмар – 2026» ұлттық телевизиялық сыйлығы

  • Үздік тележүргізуші – Вероника Вишневская, «Еуразия» бірінші арнасы;
  • Үздік деректі жоба – 24KZ, «4739»;
  • Үздік телевизиялық материал – Qazaqstan, «Қарқынды құрылыс»;
  • Үздік әлеуметтік жоба – Jibek Joly, «Правда в деталях»;
  • Үздік телехикая – Астана TV, «Ауыл бапкері»;
  • Үздік ақпараттық-талдамалық бағдарлама – 7-арна, «Новости».

«Үркер – 2026» ұлттық сыйлығы

  • Жылдың үздік журналисі – Жанар Сердалина;
  • Үздік радиожоба – Қазақ радиосы, «Ойтұма» бағдарламасы;
  • Журналистиканың болашағы: жасанды интеллект саласындағы үздік жоба – Altainews Media Centre, «AI-ЖАН»;
  • Үздік медиажоба – Tengrinews, Tengri TV;
  • Жылдың үздік материалы – Мирамгүл Рахатқызы, «Ақтөбе» газеті, «Жасанды интеллект: адамзат жаңа дәуірге аяқ басты»;
  • Үздік талдамалық материал – Лаура Тусупбекова, «Казахстанская правда» газеті, «Моя ДНК – наше богатство».

Qazaqstan Media Awards – 2026 арнайы жүлделері

  • Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені – 30 жыл;
  • Информбюро – 30 жыл.

Post navigation

Previous: Қазақстан – технологиялар мен инвестициялар орталығы: AI & Digital Bridge 2026 қорытындысы
Next: 10 Key Takeaways from AI & Digital Bridge 2026

Последние новости

  • Казахстан представил на COP31 единую платформу для привлечения климатических инвестиций
  • В Астане с аншлагом прошла премьера саунд-драмы «Жауап бар ма?»: 385 зрителей увидели постановку о проблемах подростков
  • Цифрлық әлемге әйел көзқарасы: Астанада UM.AI AI for Her IT кездесуі өтті
  • Цифрлық болашақты қалыптастыратын әйелдер: Астанада UM.AI AI for Her әйелдер IT-митапы өтеді
  • Алия Абиева: «Социальная справедливость — это не абстрактное понятие, а система реальных гарантий для человека»

Возможно вы пропустили

IMG_8680.JPG
  • Antalya
  • COP31
  • IGTIC
  • Summit
  • Климат

Казахстан представил на COP31 единую платформу для привлечения климатических инвестиций

Редакция November 14, 2026
Photo-82_resized
  • BIART Music Hall
  • Жауап барма?
  • Подростки
  • Проблемы

В Астане с аншлагом прошла премьера саунд-драмы «Жауап бар ма?»: 385 зрителей увидели постановку о проблемах подростков

Редакция November 14, 2026
IMG_3911-edited-1024x647.jpg
  • Astana Innovations
  • IT митап
  • News
  • UM.AI

Цифрлық әлемге әйел көзқарасы: Астанада UM.AI AI for Her IT кездесуі өтті

Редакция November 14, 2026
Неоновый AI-митап с голографическим портретом
  • ALEM AI
  • Astana Hub
  • Astana Innovations
  • UM.AI
  • Астана

Цифрлық болашақты қалыптастыратын әйелдер: Астанада UM.AI AI for Her әйелдер IT-митапы өтеді

Редакция November 10, 2026
Copyright © Ozgeshe | MoreNews by AF themes.